Алеппоның халқы босып кетті

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласынан мыңдаған тұрғын бас сауғалап қашып жатыр.

Оған өткен аптада өңірдегі қарулы топтардың үкімет әскерін шабуылдап, шаһарды басып алуы себеп. Қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Кеше Алеппода коменданттық сағат режимі енгізілді. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қарулы топ мүшелері бейбіт халықты тұтқындап, үйлерін тінтуге кіріскен. Кейбірі мемлекеттік мекемелерге баса көктеп кіріп, қызметкерлерін үркітіп, мүлкін тонап кеткен. Бұл аздай, аймақта азық-түлік дағдарысы қатты байқалады. Тұрғындар бір тілім нанға мұқтаж болып отыр.

Рама, Алеппо қаласының тұрғыны:

- Қазір қашу өте қиын. Қауіпсіз жер іздеп, бағытты ауыстырғанымен қарулы топ төтеннен шыға келуі мүмкін. Өйткені олар қаланы қоршап, басып алды. Тәуекелге баруға қорқып отырмыз.