Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында құны 8,2 млн доллар болатын келісімге қол қойылды

Бішкекте өткен Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында  жалпы сомасы 8,2 млн доллар болатын 7 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Үш күнге жалғасқан форум аясында қазақстандық экспорттаушылар келіссөздер жүргізді. Біздің елден барған 30 компанияның өкілі қырғыз әріптестерімен ((В2В)) би ту би форматында кездесу өткізді. Жалпы Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумының жұмысына, екі елдің 80 компаниясының өкілдері қатысты. Шара бауырлас қос мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды қадамына айналды.