Корея президенті елде әскери режим енгізгенін жариялады. LIVE

Оңтүстік Кореядағы ахуал жайлы осы елдегі меншікті тілшіміз Владислав Цойдан білейік.

Әскери жағдайдың енгізілуі нені білдіреді?

Оңтүстік Кореядағы ахуал жайлы осы елдегі меншікті тілшіміз Владислав Цойдан білейік. Ол қазір тікелей байланыста. Владислав, әскери жағдайдың енгізілуі нені білдіреді?

Владислав Цой, тілші:

– Конституцияға сәйкес, әскери жағдай соғыс немесе төтенше жағдай кезінде тәртіпті сақтау үшін енгізіледі. Оны тек президент пен Ұлттық ассамблея ғана тоқтата алады. Юн Сок Ёль әскери жағдай жариялағаннан кейін Қорғаныс министрлігі қарулы күштерді толық жауынгерлік дайындыққа келтірді. Сеулде әскери ұшақтар ұшып жүр және әскери техника байқалды. Әскерилер Парламентке кіруге жолды жапты. Бұл депутаттардың жиналыс өткізіп, әскери жағдайды жоюына кедергі жасау үшін жасалған. Өйткені конституцияға сәйкес әскери жағдайды тек Президент пен Парламент ғана жоя алады. 

Мұндай жағдайда демонстрациялар өткізуге тыйым салынады, ал бұқаралық ақпарат құралдары әскери бақылауға өтеді. Өз кезегінде оппозиция адамдарды демократияны қорғау үшін Парламент ғимаратының алдына жиналуға шақырды. "Тобуро" оппозициялық партиясының жетекшісі Ли Чжэ Мён Президенттің әскери жағдай енгізуін заңсыз, конституцияға қайшы және халыққа қарсы әрекет деп атады.

Бұл төтенше жағдайға қаржы нарығына әсер етті. Оңтүстік Корея вонының долларға шаққандағы бағамы құлдырап, барлық ірі компаниялардың акциялары арзандап кетті. Бұл жағдайдың қалай өрбитінін ешкім айта алмайды. Парламенттің жанында наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды. Алайда "Халық күші" билеуші партиясының жетекшісі Президенттің шешімін қолдамады. Біз оқиғалардың дамуын бақылап отырамыз.