БҰҰ: Газа секторындағы гуманитарлық ахуал нашарлап барады

Газа секторында ашаршылық белең алып барады, деп хабарлайды 24kz.

Қараша айында шамамен 400 мың палестиналық көмек алған болатын. Алайда Израильдің рұқсатымен елге кірігізіліп жатқан азық-түлік көлемі едәуір азайған. Қарулы топтардың шабуылынан БҰҰ жуырда аймақтағы негізгі бақылау-өткізу бекеті арқылы гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатты.

Айта кетейік, қазіргі таңда мыңдаған палестиналық халықаралық қауымдастықтан көмек күтіп, шатырларда күнелтуге мәжбүр.