Оңтүстік Корея валютасы құлдырады

Оңтүстік Кореядағы саяси дағдарыс кезінде жергілікті компаниялардың акция құны төмендеп, ұлттық валютасы құлдырады, деп хабарлайды 24kz.

Вона бағамы АҚШ долларына шаққанда 3%-ке құнсызданып, кейінгі 2 жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсеткен. «Блумберг» сарапшылары: «Мұндай валюталық дағдарыс 2008 жылдан бері байқалмап еді», - дейді. Алдында жарияланған әскери жағдай алынып тасталғаннан кейін вона қалыпқа келе бастады.