АҚШ Оңтүстік Кореядағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
Оңтүстік Кореядағы саяси ахуал Вашингтонның да алаңдаушылығын туғызды, деп хабарлайды 24kz.
Америка мемлекеттік департаментінің өкілі Ведант Пател АҚШ-тың Сеулдегі Парламент депутаттарының шешімін қолдайтынын айтты. Сондай-ақ ол саяси дағдарыстың Оңтүстік Кореямен одақтық қарым-қатынасына әсер етпейтінін атап өтті.
Майор Патрик Райдер, АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Оңтүстік Кореядағы ахуалды назарда ұстап отырмыз. АҚШ Корей үкіметімен тығыз байланыста. Біз Альянс және Оңтүстік Корея Республикасын қорғауда адал әрі әділміз. Корея Республикасы, Жапония мен АҚШ арасындағы үшжақты қарым-қатынас біз үшін өте маңызды. Және солай болып қала береді.
Сарапшы: Президенттің шешімі ішкі саяси жағдайға нақты жауап
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдың елде әскери жағдай жариялау туралы шешімі Солтүстік Кореяның демократияға төндірген қаупінен туындады деу орынсыз. Бұл қадам – шиеленіскен ішкі саяси ахуалға ел президентінің нақты жауабы. Кембридж университеті геосаясат орталығының жетекшісі Джон Нильсон-Райт осылай деп пікір білдірді. Дегенмен сарапшы: «Юн Сок Ёльдің мұндай бұрын-соңды болмаған шешім қабылдауына оппозициялық саяси күштердің әрекетінің Солтүстік Кореядан төнген қауіп-қатермен ұштасуы итермелегенін байқатады», - дейді.
Джон Нильсон-Райт, кембридж университеті геосаясат орталығының жетекшісі:
- Әскери жағдайға қарсы 190 депутат дауыс берді. Яғни, бұл президенттің шешімі конституциялық тұрғыдан заңсыз екенін білдіреді. Ұлттық Ассамблеяның шақырылуына жол бермеу үшін әрекет еткен әскери күштер қоғамның демократияны қорғау талабынан кейін кері шегінуі де үміттендіреді.