АҚШ Анголаға $1 млрд гуманитарлық көмек береді
АҚШ Анголаға 1 млрд доллар гуманитарлық көмек береді, деп хабарлайды 24kz.
Қаржы африкалық елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және босқындарға қатысты мәселелерді шешуге бағытталмақ. Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден Анголаға жасаған сапарында мәлімдеді. Қазір бұл елде құрғақшылық және қарулы қақтығыстар салдарынан қоныс аударған 30 мемлекеттің мыңдаған азаматы босып жүр.
«АҚШ Африка елдеріне инвестиция салу арқылы аймаққа ықпал ету бойынша Қытаймен бәсекелесіп отыр», - дейді сарапшылар. CNN телеарнасының хабарлауынша, Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында Африкаға жүздеген млрд доллар көмек берген.