ЕО елдерінде бала туу көрсеткіші бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Еуроодақ елдерінде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды 24kz.

«Еуростат» дерегі бойынша былтыр одақ аумағында 3 млн 665 мың сәби дүниеге келген екен. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда 5,5% аз.

«Бұған COVID-19 пандемиясының салдары мен рекордтық деңгейдегі инфляция және өзге де жағдайлар әсер еткен», - дейді мамандар. Әсіресе, Италия, Испания, Грекия, Польша, Финляндия және Балтық елдерінде бала туу деңгейі төмендеп барады.