АҚШ халқының жартысынан астамы Трамп билігін қолдайды

АҚШ тұрғындарының 55 пайызы Дональд Трамп билігін қолдайды.

Бұған CNN телеарнасы жүргізген сауалнама нәтижесі дәлел. Оған қатысқандардың 70 пайызға жуығы Ақ үйдің ескі де жаңа басшысы ел дамуына елеулі өзгеріс әкеледі деп сенеді. Сондай-ақ жауап бергендердің 40 пайызы Трамп көші-қон саясатын ретке келтіреді деп топшылайды. Сауалнамаға жасы 18-ден асқан мыңға жуық америкалық қатысқан.