Б.Нетаньяху ХАМАС ұйымымен бітімге келуге дайын

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен бейбіт бітімге келуге дайын, деп хабарлайды 24kz.

Ол бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесуінде мәлімдеген.Мұны америкалық «Аксиос» басылымы хабарлады. АҚШ пен Израиль осы айдың аяғына дейін мәмілеге келеміз деп үміттенеді. Бірақ ХАМАС әзірге жауап берген жоқ.