Сеулде шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты

Оңтүстік Корея астанасында жүздеген адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олар президент Юн Сок Ёльді импичмент арқылы биліктен кетіруді талап еткен. Наразылық соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Белсенділер қоршауды бұзып, президент сарайына кірмек болған. Бірақ тәртіп сақшылары оларға тосқауыл қоя білді. Осының алдында Мемлекет басшысы теледидардан үндеу жолдаған болатын. Алайда оның бұл мәлімдемесі оппозиция өкілдерінің шамына тиді. Өткен аптада Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізу туралы шешім жариялағаны белгілі. Оған бүлік шығарды деген айып тағылды. Бірақ президент: «Биліктен кетпеймін, аяғына дейін күресемін», - деп уәде берген. Импичмент бойынша дауыс беру 14 желтоқсанда өтуге тиіс.

Чон Мин Гён, ереуілші:

- Президент Юн Сок Ёльді кешегі сөзі ашуымды келтірді. Сондықтан мына шеруге қосылдым. Оның айтқанының бәрі - құр сандырақ. Ол биліктен кетуі керек.