Оңтүстік Кореяда президентті қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр
Оңтүстік Корея құқық қорғаушылары президентті қамауға алу туралы ордер сұратуы мүмкін. Сонымен қоса Юн Сок Ёльдің резиденциясында тінту жүргізу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Бұл туралы жергілікті Йонхап агенттігі хабарлайды.
Айта кеткен жөн, мемлекет басшысы 3 желтоқсанда тиісті рәсімдерсіз әскери жағдай жариялауға қатысты айыпталып отыр. Қатаң тәртіп бірнеше сағаттан соң алынып тасталған. Юн Сок Ёль бұл шешімді Солтүстік Кореядан төнген қауіппен және конституциялық құрылымды сақтау қажеттігімен түсіндірді. Алайда мұны отанға опасыздық жасауға теңеген оппозициялық партиялар мен қоғамдық бірлестіктер мемлекет басшысына импичмент жариялауға шақырған. Бірақ оны депутаттардың көбі қолдамады. Алдын ала мәлімет бойынша ертең импичмент бойынша тағы бір дауыс беру процесі өтуі мүмкін. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал әзірге президентке елден кетуге тыйым салынған.