АҚШ-та мектептегі атыстан үш адам қаза тапты
АҚШ-тың Мэдисон қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды.
Тағы алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі өте ауыр халде жатыр дейді дәрігердер. Көз жұмғандардың арасында мектеп мүғалімі мен жасөспірім оқушыдан бөлек тапаншадан оқ атқан күдікті де бар. Тергеушілердің айтуынша, ол полиция офицерлері келгенге дейін өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғаны және тапаншаны мектеп ғимаратына қалай алып кіргені белгісіз дейді полицейлер. Мэдисондағы христиан мектебінің аумағында мұндай жағдай бұған дейін де болған.
Шон Ф. Барнс, Мэдисон қаласы полиция департаментінің басшысы:
- Күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғанын білмейміз. Бірақ біздің детективтеріміз бұл оқиғаның себептерін анықтау үшін барын салып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғаның болмауы үшін барымызды саламыз. Тек біздің қалада емес, жалпы еліміздегі қауіпсіздікті назарда ұстауымыз біздің басты мақсатымыз.