Сирия астанасында мектептер қайтадан ашылды
Сирия астанасы Дамаскіде бірнеше күнге созылған қақтығыстан кейін оқушылар біртіндеп мектепке орала бастады.
Уақытша үкімет білім беру ұйымдарын қайта іске қосу туралы тапсырма бергеннен кейін оқу орындары қайта қызметке кірісті. Бірақ кей ата-ана балаларын қауіпсіздігі үшін мектепке жіберуге қорқып отыр. Өйткені аймақта қауіп әлі сейілген жоқ, дейді олар. Айта кетейік, өңірде білім беру мекемелері қақтығыс өршіген соң 6 желтоқсанда жұмысын тоқтатқан еді.