АҚШ-тан 20 мың мексикалық мигрант еліне оралды

АҚШ-тан 20 мыңнан астам мексикалық мигрант еліне оралды. Отанына қайту үшін Мексикамен шекаралас Нуэво-Ларедо қаласына жиналып, көлік керуенін ұйымдастарған. Ондағы мақсат – сапар кезінде қылмыстық топтардың шабуылдары мен ұрлық әрекеттердің алдын алу. Олар АҚШ билігіне келетін Дональд Трамптың мигранттарға қатысты қатаң саясатына қарамастан жаңа жыл қарсаңында Мексикадағы туған жерлеріне қайтуды жөн санап, шекара асты.

Айта кетейік, Трамптың жаңа әкімшілігі күн тәртібіндегі депортация бастамасын жүзеге асыру үшін федералды үкіметтің ресурстарын пайдалануды көздеп отыр.