Чили астанасының маңы өртеніп жатыр
Чилидің Чакабуко провинциясындағы орман өртеніп жатыр. Бұл - ел астанасы Сантьягоға жақын аймақ.
От тұрғын үйлерге қауіп төндіріп тұр. Билік халықты қауіпсіз жерге көшіруге нұсқау берді. Аймақта термометр бағаны 36 градустан кем емес. Оның үстіне, күшті жел соғып тұр. Чилиде жыл басынан бері 326-дан астам өрт оқиғасы тіркелген. Метеорологтар температура 39 градусқа жетеді деп ескертті.