Бакудегі Қазақстан елшілігінде көңіл айту кітабы қойылды

Бакудегі Қазақстан елшілігінде Ақтаудағы ұшақ апатында көз жұмғандардың қазасына орай көңіл айту кітабы қойылды.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, Бакудегі елшілік ғимаратында ту түсірілгенін айтты. Бұл жерге Бакуде тұрып жатқан отандастарымыз қазақ пен Әзербайжан жұртының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айту хатын жазып қалдыра алады. Көңіл айту кітабы Әзербайжан уақытымен кешкі сағат 17:00-ге дейін тұрады.