Қытай биыл 5 млн шетелдік саяхатшыны қабылдады

Қытай биыл шетелдік туристердің рекордтық санын қабылдады. Шығыстағы көрші елге жыл басынан бері 5 млн-дай адам саяхаттап барған.

Бұл былтырмен салыстырғанда 128%-ке көп. Туризмнің дамуына визасыз режимнің орнатылуы, сондай-ақ елге кіру ережелерінің жеңілдетілуі септігін тигізген. Жуырда ғана Қытай билігі шетелдіктер үшін елде транзиттік мақсатта визасыз жүріп-тұру мерзімін 240 сағатқа дейін демек 10 күнге дейін ұлғайтты. Бұл 54 мемлекеттің азаматтары үшін жасалған жеңілдік.