Перуде экологиялық төтенше жағдай жарияланды
Перу үкіметі елдің солтүстік аймағында экологиялық төтенше жағдай жариялады. Ол 90 күнге созылады.
Тынық мұхитына шикі мұнай төгілген. Тазарту жұмыстарын жүргізу үшін арнаулы бригадалар жіберілді. 21 желтоқсанда кеме Талара терминалында «қара алтынды» түсіру кезінде абайсызда төгіп алған. Әзірге суға мұнайдың қанша көлемде төгілгені белгісіз. Қазір экологиялық апат аумағы ұлғайып, 10 мың шаршы метрге жайылып кеткен. 7 жағажай бүлінген. Билік өсімдіктер мен шаян сияқты жан-жануарға зақым келгенін айтады. Балықшылар да балық аулай алмай қалған.