Ауғанстанда Пәкістан әскерінің шабуылынан қаза тапқандар саны 52-ге жетті

Ауғанстанда Пәкістан әскери-әуе күштерінің шабуылынан қаза тапқандар саны 52 адамға жетті.

Тағы 40 кісі жараланған. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді. Бомбалау фактісін тергеп жатқан ресми комиссия басшысы зардап шеккен аймаққа барып, құрбандардың бәрі бейбіт тұрғын екенін анықтаған. Сондай-ақ ресми Кабул "бұл халықаралық нормаларды бұзу және ол жауапсыз қалмайды" деді. Пәкістан әскері Ауғанстанның 3 провинциясында "Пәкістан тәліптері" атты топтың бекінген жерлерін бомбалаған болатын. Аталған ұйымның мақсаты - "Талибан" сияқты Пәкістандағы билікті басып алу.