Қытайда гуманоид роботтар өндірісі артты

Қытай 2025 жылдан бастап гуманоидты роботтарды жаппай өндіреді. Осы арқылы жұмыс күші тапшылығын жойып, қауіпті өндіріс орындарында еңбек ететін адамдар санын азайтуды көздеп отыр. 

Қазірдің өзінде Шанхайдағы құлтемір өндірістік паркі 1000 дана робот құрастырып, жыл соңына дейін тапсыруға дайындалып жатыр. Салаға мемлекет тарапынан қолдау да артады. Биыл гуманоидты роботтар нарығы 10,3 миллирад АҚШ долларына жетті. Келер жылдан бастап бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін өседі. Ал 2035-ші жылға қарай 41 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарда тұр.

 

Янь Вэйсинь, Цзяотун университеті Робот-техника институтының ғылыми жетекшісі:

- Бұған дейін роботтар жаппай өндірілген емес. Жаңа құлтемірлердің бойы 1,7 метр болады. Олар үй шаруасына, қоғамдық жұмыстарға, көңіл көтеруге, білім саласы мен қызмет көрсетуге жалпы коммерциялық мақсатта пайдаланылады. Гуманоидты машиналар жасанды интеллект арқылы басқарылады. Сұраныс бар. Енді өндіріс тізбегін жүйелеп, қолдану аясын кеңейтуге  күш саламыз.