Оңтүстік Кореяда президенттің міндетін атқарушыға импичмент жарияланды
Оңтүстік Кореяда Президенттің міндетін атқарушы Хан Док Суге импичмент жарияланды.
Оны парламенттің 300 депутатының 192-сі қолдап дауыс берген. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Саясаткер Президентке қатысты тергеу туралы заң жобасын қарастырудан бас тартқан. Сол үшін де импичмент жарияланып отыр. Хан Док Су 14 желтоқсанда мемлекет басшысы қызметінен шеттетілгеннен кейін оның міндетін атқаруға кіріскен. Енді оның орнын Экономика және қаржы министрі басуы мүмкін.
Ал, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдың импичмент жариялау бойынша ісі бүге-шүгесіне дейін қаралып, шешім тез арада қабылданады. Конституциялық соттың судьясы осылай деп мәлімдеді. Алты ай ішінде жоғарғы сот Президенттің қызметінде қалып-қалмайтынына қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.