Volkswagen электромобилін сатып алғандардың жеке деректері желіге тарады

Volkswagen автоконцернінің электромобильдерін сатып алған 800 мың адамның жеке басына қатысты деректер интернетке тарап кетті. Бұл туралы дер Der Spiegel басылымы хабарлады.

Оған электр көліктерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын еншілес компанияның техникалық қателік жіберуі себеп болған. Соның кесірінен Volkswagen, Audi, Ceed және Skoda маркалы көлік иелерінің орналасқан жері мен қозғалысы туралы бірнеше терабайт дерек көпшілікке қолжетімді болып тұр. Ол қарапайым азаматтарға ғана емес, сонымен қатар неміс саясаткерлеріне, кәсіпкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және барлау агенттіктеріне де кері әсерін тигізген. Бірақ Volkswagen басшылығы құпия сөздер мен жеке деректер желіге тараған жоқ деп сендіріп отыр.