Путин Ақтау маңындағы ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевтен Ақтау маңындағы ұшақ апаты үшін кешірім сұрады.

Кремль ақпараты бойынша Путин қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуді тіледі. Сонымен қатар ол азербайжандық Embraer 190 ұшағының Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға тырысқанын айтты. Сол уақытта Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына  әскери дрондар шабуыл жасап, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері оларды қайтарумен айналысқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Грозный қаласында Әзербайжан Бас прокуратурасының екі өкілі, Ресейдің Бас прокуратурасы және Тергеу комитетінің мамандары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Ақтау маңындағы апат болған жерде үш елдің мамандары тығыз әрекет етуде.