Израильдің шабуылынан Газаның солтүстігіндегі соңғы аурухана жабылды

Израильдің қорғаныс армиясы Газа секторындағы Камал Адван ауруханасын өртеп жіберді.

Ол анклавтың солтүстік бөлігінде жұмыс істеп тұрған соңғы ірі медициналық мекеме болатын. Associated Press мәліметі бойынша ауруханадағы операциялық және хирургиялық бөлімшелер, зертхана, көмек көрсету пункттері мен дәрі-дәрмектері бар қоймалар толығымен өртеніп кеткен. Өз кезегінде еврей армиясы бұл мекеме ХАМАС қозғалысының мүшелері үшін әскери база болғанын айтып, қарсыластардың көзін жою мақсатында осындай қадамға барғанын жеткізді. Бірақ шабуыл алдында израильдік сарбаздар қызметкерлер мен науқастарды эвакуациялап үлгерген екен. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, ауруханада бас-аяғы 60 қызметкер мен 25 науқас болған.