Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясы кешірім сұрады
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы тиесілі жергілікті "Чеджу Эйр" әуе компаниясының бас директоры Ким И-Бэ ресми түрде кешірім сұрады.
ЦИТАТА: Ким И-Бэ, Jeju Air әуе компаниясының бас директоры
"Біріншіден, біз "Чеджу Эйр"-ге сенгендердің барлығынан кешірім сұрап, басымызды иеміз. 29 желтоқсан күні таңғы сағат 09:03 шамасында Бангкоктан Муанға бағыт алған 7С2216 рейсі Муан халықаралық әуежайына қону кезінде отқа оранды. Бәрінен бұрын, біз осы апатта қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта апаттың себебін анықтау қиын, біз тиісті мемлекеттік органдардан қызметтік тергеу нәтижесін күтуіміз керек. Борттағы адамдардың отбасыларына қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз де үкіметпен бірлесіп апаттың себебін анықтауға бар күшімізді саламыз."