Таиланд премьері ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 2 Таиланд азаматы көз жұмды.
Әуе кемесі Бангкоктан келген. Таиланд премьер-министрі Паэтонгтарн Чинават "ИКС" әлеуметтік желісі арқылы апаттан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ ол елдің Сыртқы істер министрлігіне шұғыл көмек беруді тапсырған.