Израиль әскері Газа секторындағы аурухананы атқылады
Израиль әскері Газа секторындағы аурухананы атқылады. Салдарынан 7 адам опат болған. Жарақат алғандар да бар.
Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Шабуыл емхананың жоғары қабатына жасалды. Оны босқындар паналаған. Көбі – әйелдер мен балалар. Бірақ еврей елінің билігі мекеме,,,медициналық қызмет көрсетпейтінін айтып, ғимаратта ХАМАС ұйымының басқару орталығы орналасқанын айтады.