SpaceX компаниясы интернет тарататын 21 жерсерік ұшырды
Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеген Falcon 9 зымыран-тасығышы Жер орбитасына ғаламдық интернет желісін құруға арналған 21 шағын Starlink жасанды жер серігін шығарды.
Зымыран АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылды. Кейін төртінші мәрте пайдаланылған Falcon 9-дың бірінші бөлігі автоматты түрде Атлант мұхитындағы платформаға өздігінен қонған. SpaceX компаниясының жоспары бойынша, 12 мың жасанды жер серігінен тұратын ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік туады. Бүгінге дейін 7,6 мың жер серігі ұшырылған. Соның 6,9 мыңы жұмыс істеп тұр.