Пуэрто-Рикода миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Бұған арал-мемлекеттегі электр стансасында болған апат себеп.

Жергілікті энергетикалық компания ел тұрғындарының жартысына жуығы жарықсыз отырғанын айтады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, тоқ тарату қондырғысы бұзылған. Қазір бірнеше электр стансасы істен шықты. Мамандар ақауды тезірек қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр. Бірақ бұзылған қондырғыны жөндеуге әлі 2 күн керек екен.