Лас-Вегаста жарылыс болды
АҚШ-та «Теслаға» тиесілі кибер жүк көлігі жарылды. Өкінішке қарай, жарылыстан жүргізуші жан тапсырған. Тағы 7 кісі жараланды. Қайғылы оқиға «Трамп» халықаралық қонақ үйінің жанында болды.
Федералды тергеу бюросы тергеу ісін өз мойнына алды. Билік жарылыстың лаңкестік әрекет болу мүмкіндігін тексеріп жатыр. Көлік жарылған сәтті куәгерлер түсіріп алған. «Тесла» компаниясының иесі Илон Маск: «Жарылысқа бомба немесе отшашу себеп болуы мүмкін» – деп жеке тергеу жүргізетінін мәлімдеді.