Газа халқы бір жылда 6%-ке азайған

Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстан Газа секторының халқы бір жылда 6%-ке азайып қалған. Палестина статистикалық бюросы келтірген дерегі бойынша 2024 жылы газалықтар саны 2,1 миллион адамды құраған.

2023 жылдың қазанында өрши түскен шиеленістен анклавта 45 мыңнан аса адам қаза тапты. 11 мыңдай азамат із-түзсіз жоғалып кетті. 107 мыңға жуығы жарақат алды. Бұдан бөлек, шамамен 100 мың палестиналық бас сауғалап, Газа секторынан қашқан.