Милан көшелерінде шылым шегуге тыйым салынды

Италияның Милан қаласында бұдан былай көшеде немесе қоғамдық орындарда шылым шегуге болмайды. Шаһар басшылығы жуырда осындай шешім қабылдады. Ережені елемегендер бірден айыппұл арқалайды.

Оның сомасы 240 еуроға дейін жетеді. Шенеуніктердің айтуынша, аталған шектеу қаладағы ауа сапасын жақсартуға бағытталған. Ол 2021 жылы қолға алынған бастаманың соңғы кезеңі саналады.