Черногорияда атыстан кейін 3 күн қаралы деп жарияланды

Черногорияда Цетине қаласындағы атыстан кейін 3 күн қаралы деп жарияланды. Қайғылы оқиғадан 10 адам көз жұмған. Тағы бірнеше кісі жараланды.

Deutsche Welle хабарлауынша, шарапханада ер адам оқ жаудырып, кейін атысты көшеде жалғастырған. Құрбандар арасында шарапхана иесі мен оның 2 баласы бар. Қаскөй оқиға орнынан бой тасалап үлгерген, бірақ кейін табылды. Ұстау кезінде ол өзіне қол жұмсамақ болған. Алған жарақатынан ауруханаға апара жатқанда жан тапсырды. Полиция атысқа қылмыстық топтардың ерегісі емес, тұрмыстық жанжал себеп болды деп есептейді.