Жаңа Орлеанда лаңкестік жасады деген күдіктінің жеке басы анықталды
Жаңа Орлеан полициясы адамдарды қасақана қағып, оқ атқан күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Шамсуд Дин Жаббар есімді 42 жастағы америкалық болып шықты. Күдіктінің көлігінен «ДАИШ» лаңкестік тобының туы мен 2 жарылғыш зат табылған. АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы ол жалғыз әрекет етпеген деп есептейді.
Кеше Жаңа Орлеан қаласындағы туристер көп жүретін Бурбон көшесінде күдікті жүк көлігімен адамдарды қағып, кейін оқ жаудырған. 15 кісі көз жұмды. Күдіктінің көзі жойылған.