Англияның солтүстік-батысын су басты

Англияның солтүстік-батысын су басып жатыр. Әсіресе Үлкен Манчестер графтігі қатты зардап шеккен. Су деңгейі 10 сантиметрден асты. Жүздеген адам жылы орнын суытып, қауіпсіз жаққа кетуге мәжбүр.

Дидсбери қаласында қонақ үй 500 адамды паналанатты. Көшеде көліктер жүзіп жүр. Теміржол қатынасы тоқтатылды. Чешир графтігінде су құбыры істен шыққан. Сондай-ақ осы аймақта күрежол жабылды.

Декстер Хардингем-Грейвелинг, тұрғын:

- Толассыз құйған нөсер соңы үлкен тасқынға ұласты. Электр жарығы өшіп қалды. Су да ақпай тұр. Биылғы жаңа жыл осындай қиындықтармен басталды. Далада сенделіп жүрміз.