Францияда Жаңа жыл түні мың көлік өртелді

Францияда Жаңа жыл түні мың көлік өртелді. Полиция 1 қаңтар күні таңертең 420 күдіктіні қамауға алған. Олардың 300-ге жуығы сотқа дейін қамауда болады.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша өрт оқиғаларының көбі қасақана отшашу атумен байланысты. Қаскүнемдер полиция мен өрт сөндірушілерге де отшашу бағыттаған. Жаңа жыл мерекесі кезінде лаңкестік қаупінің жоғары деңгейіне байланысты Франция бойынша 90 мың полицей жұмыста болды.