Қытайда әлемдегі ең ірі су электр станциясы іске қосылды
Қытайда әлемдегі ең үлкен су электр станциясы толықтай іске қосылды.
Ол елдің шығысындағы Чэндэ қаласында жұмыс істеп тұр. 2021 жылы нысанның алғашқы блогы қолданысқа берілген. Содан бері 8 жарым миллиард киловатт сағат электр энергиясы өндірілген. Енді станция толықтай іске қосылғаннан кейін шығысымыздағы көршіміз ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін жылына 1 миллион 200 мың тоннаға азайтады. Жалпы кейінгі жылдары Қытай жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ден қойып отыр. Әсіресе металлургия, тау-кен өндірісі, химия өнеркәсібінде көмірқышқыл газының шығындыларын азайту бойынша ірі жобалар қолға алынған.
YOUTUBE.COM/BILLION DOLLAR BUILDS