Қатарда ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздің жаңа кезеңі басталды
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім туралы келіссөздің жаңа кезеңі басталды. Қатар астанасы Дохаға екі тараптан арнайы делегация барды. Халықаралық CNN ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қақтығысушы тараптардың кезекті бейбіт келісім жобасы Газа секторындағы атысты толығымен тоқтатуды, әскери күштерді аймақтан шығаруды және кепілдегі тұтқындарды үйлеріне қайтаруды көздейді.
Жалпы дәл осы мақсаттағы келіссөздер Қатар мен Египеттің ара ағайындық етуімен былтыр мамырда басталған болатын. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ.