АҚШ-та ішімдік өндірушілердің акциясы төмендеді

Алкогольді сусын қатерлі ісік ауруларының қаупін арттырады. АҚШ бас хирургының тиісті мәлімдемесінен кейін елдегі ірі алкогольді сусын өндіруші компаниялардың акциясы күрт төмендеп кеткен. Ол барлық ішімдіктердің қаптамаларында оның зияны туралы ескерту жазылған жапсырмалар болу керек деген пікірде.

«Өйткені АҚШ-та жыл сайын алкогольден болатын онкологиялық ауруларға 100 мыңнан астам адам шалдығып, оның 20 мыңы көз жұмады», – дейді дәрігер. Бас хирургтың ұсынысын заң жүзінде бекіту үшін Конгресс мақұлдауы қажет. Қазір алкогольді сусындардың құтысында тек жүкті әйелдер мен жүргізушілерге зияны туралы ескертулер бар.