Израильде ауқымды шеру өтті

Израиль тұрғындары тағы да толқыды. Шеруге шыққан жұрт жолдарды бөгеп, көшеде от жақты. Осылайша олар ел үкіметінен ХАМАС тұтқынындағы израильдіктерді тез арада босатуды талап етті. Еврей елінің дерегі бойынша ХАМАС-та әлі күнге дейін 100 адам қамауда отыр.

Айта кетейік, тараптардың тұтқын алмасу туралы келіссөздері әзірге нәтиже бермей келеді. Осыған байланысты кепілдегі азаматтардың туған-туыстары премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды қатаң сынға алып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Бұған қоса АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа үндеу жасап, Газадағы шиеленісті тоқтатуға ықпал етуді сұрап отыр.