Израиль армиясы екі күнде Газаға 100-ден аса соққы жасады
Израильдің қорғаныс армиясы кейінгі екі күнде Газа секторына 100-ден астам соққы жасаған, деп хабарлайды 24kz.
Еврей әскері өкілдерінің айтуынша, соққы ХАМАС қозғалысының нысандарына бағытталыпты. «Әл-Жазира» телеарнасы келтірген дерек бойынша әуе шабуылдарынан 200-ге жуық адам қаза тапқан. Өз кезегінде ХАМАС қозғалысы демалыс күндері Газа секторынан Израильге қарай бірнеше зымыран ұшырған.