АҚШ азаматтарына берілетін әлеуметтік көмек артады
АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлерге берілетін әлеуметтік көмек өседі, деп хабарлайды 24kz.
Президент Джо Байден төлемдер бойынша жаңа заң жобасын бекітті. Әлеуметтік қамсыздандыру әкімшілігінің есебіне сәйкес, былтыр зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және балаларды қосқанда шамамен 72,5 млн адам әлеуметтік көмек бойынша жәрдемақы алған. Жалпы әлеуметтік қауіпсіздік Америка құрама штаттары үшін өте маңызды бағдарлама. Сайлау науқаны кезінде де саяси мәселеге айналып, біраз дау тудырған болатын. Былтыр қыркүйекте күтпеген шығындарды болдырмау туралы ереже қабылданған соң Үкімет 2 млн-нан астам адамның жәрдемақысын қысқартып тастады.