АҚШ-та құс тұмауынан бір адам көз жұмды
АҚШ-та құс тұмауын жұқтырған науқас көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуі бойынша мұндай жағдай ел тарихында алғаш рет болып отыр. 65 жастағы Луизиана штатының тұрғыны ауруханаға 18-ші желтоқсанда жатқызылған. Белгілі ақпар бойынша, науқас ауладағы тауықтар, жабайы құстармен байланыста болған. Жалпы АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, сәуір айынан бастап елде 70-ке жуық адам құс тұмауын жұқтырған. Олардың көпшілігі ферма қызметкерлері.