Бір айда 115 мың сириялық отанына оралды
Башар Асад билігі құлағаннан кейін кейінгі бір айда 115 мың сириялық отан ына оралды.
Көбі көрші елдерден, атап айтқанда Түркия, Иордания мен Ливаннан қайтып келген. Бұдан бөлек соғыс кезінде ел ішінде босып кеткендер де аз емес. Солардың жарты миллиондайы үйлеріне оралған. Әлі 650 мыңы өзге өңірлерді паналауға мәжбүр. Өйткені атыс-шабыстан қатты зардап шеккен аймақтарда қауіпсіздікке қатысты мәселе көп. Мысалы, қарулы қақтығыстан кейін жарылмай қалған миналар көп болуы мүмкін деген қауіп бар.