Норвегияда сатылған он көліктің тоғызы электромобиль болды

Норвегияда былтыр сатылған 10 көліктің тоғызы электрмобиль болған.

Бұған жергілікті биліктің ауқымды экологиялық бастамалары арқасында қол жеткен. Оған сай электр көліктерін сатып алғандарға салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Ал бензинмен жүретін темір тұлпарларға салық керісінше жоғары. Осы арқылы мемлекет мұндай көліктерден біртіндеп толықтай бас тартуға ниетті. Бүгінде бензинмен жүретін темір тұлпарларды негізінен көлікті жалға беретін компаниялар сатып алады. Тұтынушылар арасында туристер көп. Бірақ оларда электрмобильдерді қолдануға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін деп отыр.

Кристина Бу, Норвегияның электрмобиль жүргізушілері қауымдастығының басшысы:

"Норвегия әлемде бензинмен жүретін көліктерден бас тартқан алғашқы мемлекетке айналады. Бұл процесс бізде тез жүріп жатыр. Бүгінде жолдағы әрбір төртінші көлік - электрмобиль."