Өзбекстанда жүрдек пойыз билеттері қымбаттайды

Өзбекстанда 1 ақпаннан бастап жүрдек пойыздардың билеті 20 пайызға қымбаттайды.

«Вип-орындар» 25 пайызға өспек. Ал Шарк пен Насаф қалаларына қатынау үшін жолаушылар билетке қазіргіден 30 пайыз артық төлейді. Қарапайым поездардың да жүру ақысы 10 жарым пайызға көтерілмек. Мәселен, жолаушылар арасында ең тартымды бағыт Ташкент-Самарқан жүрдек пойызының жаңа бағасы келесідей кестеде көрсетілген. 

Эконом класты орындар -294 мың сум – біздің ақшаға айналдырғанда 11,873 теңге. Бизнес класты орын - 450 000 сум. Яғни 18173 теңге. Ал вип-орындар 619 000 сум. Оның бағасы 24999  теңге.

«Өзбекстан темір жолдары» компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес билет бағасын қымбаттату арқылы компания теміржол инфрақұрылымын жаңартып, электр қуаты мен жанар-жағармай шығындарының орынын толтырмақ. Сондай-ақ жаңа электрпойыздар сатып алып, жолаушылардың сапалы саяхаттауы үшін кейбір теміржол вокзалдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.