Грекиялық мейрамхана иелері электр қуатының күрт қымбаттауына наразы

Грекияда мейрамхана иелері электр қуатының күрт қымбаттауына наразылығын білдіріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Баға 5 есе өсіп кеткен. Жағдай бұлай жалғаса берсе, туристік сала көп ұзамай тығырыққа тіреледі.

«Жерорта теңізі аймағындағы өзге елдермен салыстырғанда Грекияның бәсекеге қабілеттігі төмендейді», - дейді олар. Жалпы бұл мәселе қазір Балқан түбегінде де өте өткір мәселе. Былтыр жазда Черногория, Босния, Албания мен Хорватия халқы жаппай жарықсыз қалды. Оған аталған елдердегі энергетика жүйесіне шамадан тыс жүктеменің түсуі себеп болды.