Дания патшасы Трамптың Гренландия туралы мәлімдемесінен соң Елтаңбаны өзгертті

Дания патшасы Фредерик Елтаңбаға өзгеріс енгізді. Жаңа нұсқада Гренландия мен Фарер аралдарының рәміздері ақ аю мен қошқар көрнекті етіп көрсетілген.

Ал Норвегия және Швециямен одақтас екенін білдіретін үш тәж алынып тасталған. Ол 500 жыл бойы мемлекеттік эмблемада бейнеленіп келген еді. 

Guardian басылымының хабарлауынша, Дания патшасы мұндай өзгерістерге Гренландия төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты, яғни Дональд Трамптың аралды сатып алу туралы мәлімдемесінен соң барып отыр. Бұған дейін АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Гренландияға иелік етуі өте маңызды екенін айтқан болатын. Трамп сондай-ақ Канадамен бірігу туралы да ой тастады. Ақ үйдің жаңа қожайының пікірінше, Канаданың АҚШ-қа қосылуы  экономикалық тұрақтылыққа әкеледі.