БҰҰ: Газада гуманитарлық ұйымдардың 370 қызметкері қаза тапты
Газа секторында гуманитарлық ұйымдардың 370 қызметкері қаза тапты. Бұл – аймақтағы қарулы қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бергі мәлімет.
Құрбандардың көбі – Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Палестиналық босқындар ісі жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінің мамандары. Ажал құшқандар арасында Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, "Шекарасыз дәрігерлер" және тағы басқа қауымдастық өкілдері бар. Израиль әскері гуманитарлық мекемелер мен ауруханалардың және жедел жәрдем көліктерін үнемі бомбалаумен келеді. Ресми Тель-Авив аталған ұйымдардың қызметкерлері ХАМАС және өзге де палестиналық әскери топтарға қолдау көрсетеді деп есептейді.